«Muftiyat» баспасынан жарық көрген кітаптар ауыл мешіттеріне табысталды 5925

«Muftiyat» баспасынан жарық көрген кітаптар ауыл мешіттеріне табысталды

12 ақпан 2026 44 Оқу 1 минут

Бүгін Ойыл ауданында «Muftiyat» баспасынан жарық көрген кітаптарды насихаттау мақсатында «Мешітке кітап сыйла» шарасы өтті.

Аталған шараға Ойыл ауданының бас имамы Бақжарық Қызырұлы, ауыл молдасы Дуйсенов Жамалддин және аудандық мешіттің имамдары қатысты.

Игі шара барысында «Muftiyat» баспасынан жарық көрген «Дін мен дәстүр ІІІ», «Отбасылық сұрақ-жауаптар», «Құран інжулері», «Исламдағы сауда-саттық», “Ислам ғибадаты” сынды 15 әртүрлі құнды кітаптары мешіт кітапханаларына табыс етілді.

Одан өзген ауданның бас имамы Бақжарық Қызырұлы мешіт жамағатына мен тұрғындарға кітаптар аясында түрлі деңгейдегі кітап оқу сайыстарын өткізуді тапсырды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі