Ақтөбе: Азаншымен кездесу өтті 1512

Ақтөбе: Азаншымен кездесу өтті

09 сәуір 2022 119 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқарамасының ұйымдастыруымен облыстық халық шығармашылығы орталығында ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің азаншысы Жарасхан Әбдісаламовпен «Рамазан – рахым айы» тақырыбында кездесу өтті. 

Іс-шара барысында Жарасхан Киікбайұлына орталық қызметкерлерінің халал өнім мен оразаға қатысты сауалдарына тұщымды жауап берді. Сонымен қатар облыстық мешіттің азаншысы қасиетті ай туралы уағыз-насихат айтты.

Кездесу қортындысында ұйымдастырушылар Жарасхан Әбдісаламовқа Рамазан сыйын тарту етті.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі