Ақтөбе: «Бақытжан» мешітінде 50 отбасыға «Рамазан қоржыны» табысталды 1513

Ақтөбе: «Бақытжан» мешітінде 50 отбасыға «Рамазан қоржыны» табысталды

10 сәуір 2022 127 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Алмат Әлидің мұрындық болуымен Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, «Жаңақоныс» ауылындағы орналасқан «Бақытжан» мешітінде 50 отбасыға «Рамазан қоржыны» табысталды.

Қасиетті Рамазан айында сауаптар 100 еселенеді. Яғни, бұл айда жасалған әрбір игі амал ерекше. Осындай жақсылықтың бірі ретінде «Рамазан қоржыны» деп аталатын ауқымды қайырымдылық шарасы «Бақытжан» мешітіндегі дін жанашыры азаматтарының зекетінің демеушілігімен өтті.

Айта кетсек, шара барысында көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі 50 отбасыға 500 000 теңгені зекет ретінде 10 000 (он мың) теңге сертификатын Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының исламдық мәселері бойынша сарапшысы Мақсатбек Қайырғалиев табыстады.

Сонымен қатар арнайы тізім бойынша шақыртылып, көмек алуға жиналғандардың алдына облыстың Бас имамы Рамазан айымен құттықтап, діни басқарманың жеті бағытының бірі – қайырымдылық екенін айтып, зекетін беріп, демеушілік жасаған жандарға Алла разы болсын деп игі тілегін білдіреді.

Қайырымдылық шаралары әліде жалғасын табады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі