«ЖАТ АҒЫМДАРДАН САҚТАНДЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
ҚМДБ-ның негізгі төрт бағытының бірі – қоғамды діни жат ағымдардың ықпалынан сақтандыру және діни сауаттылықты арттыру.
Осы бағыт аясында Ақтөбе қаласындағы «Әл-Ләтиф» мешітінің Бас имамы Аманғосұлы Рүстембек Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжіне арнайы барып, білім алушылармен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастарға діни жат ағымдардың қауіптілігі туралы түсінік қалыптастыру, олардың теріс идеологиядан сақтануына ықпал ету және діни ақпаратты дұрыс дереккөздерден алудың маңыздылығын түсіндіру.
Кездесу барысында Бас имам жастарға жат ағымдардың белгілері мен олардың қоғамға тигізетін кері әсері жөнінде түсіндіріп, діни мәселелерде білікті мамандарға жүгінудің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ бірінші курс студенттері өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, маман тарапынан нақты жауаптар алды.







































