«Ақтөбе» медресе-колледжі: Бітіруші түлектермен кездесу 6365

«Ақтөбе» медресе-колледжі: Бітіруші түлектермен кездесу

20 мамыр 2026 76 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде «Оқу-ағарту» бағытының жауапты өкілі, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Досбол Аймырза «Ақтөбе» медресе-колледжінің бітіруші түлектерімен кездесу ұйымдастырды. 

Кездесуде түлектерді жұмысқа орналастыру, қызметтік мүмкіндіктер мен алдағы жоспарлар туралы айтылды. Мамандық бойынша қызмет ету, тәжірибе жинақтау және қоғамға пайдалы қызмет атқарудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар жұмысқа орналасу талаптары мен ұсынылатын мүмкіндіктер таныстырылып, шәкірттердің сұрақтарына жауап берілді.

Жиынға медресе-колледж директоры Ерік Қонақбайұлы 11 ауданның бас имамдары қатысты. Биыл бітіретін түлектер саны 35.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі