26 Сафар
22:04 Құптан
Ақтөбе: Бітіруші түлектер мемлекеттік емтихан тапсырды 4639

Ақтөбе: Бітіруші түлектер мемлекеттік емтихан тапсырды

28 маусым 2025 119 Оқу 1 минут

«Ақтөбе» медресе-колледжінің бітіруші түлектері мемлекеттік емихан тапсырды.

Мемлекеттік емтиханды арнайы комиссиясы төрағасы ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов және оқу ордасының ұстаздары мен Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Талғат Аманов алды.

Аталған емтихан“Ислам құқық негіздері, “Араб тілі морфологиясы және синтаксисі”, “Құран ілімінен” өтті.

Айта кетсек, 2021 жылы медресе-колледжге түскен 9 сыныптан кейінгі түлектерден ерлер бөлімінен 34, қыздар бөлімінен 13 студент сынақтан өтті. Әділқазы мүшелерінің мәлімдеуінше, жалпы талапкерлердің білім деңгейі өткен жылмен салыстырғанда жоғары.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі