Шәкірттер сынақ емтиханын тапсырды 5963

Шәкірттер сынақ емтиханын тапсырды

19 ақпан 2026 12 Оқу 1 минут

«Ақтөбе» медресе-колледжінің бітіруші түлектеріне мемлекеттік емтиханға дайындық ретінде сынақ емтиханы өтті. 

Емтихан білім алушылардың дайындық деңгейін саралап, алдағы мемлекеттік емтиханға жан-жақты әзірлігін пысықтауға бағытталды.

«Араб тілі» пәні бойынша ҚМДБ «Діни білім және кадр дайындау» бөлім меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев, «Құран» пәні бойынша облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті наиб имамы, облыс бойынша «Құран» секторының жауапты маманы, «Ақжар» қайырымдылық мекемесі (қарилар орталығы) директоры Бекжан қари Әлденов, «Фиқһ» пәні бойынша»Нұр Ғасыр» мешіті ұстазы, Ақтөбе облысы бойынша «Шариғат және пәтуа» бөліміне жауапты маман Талғат Аманов емтиханды қабылдады.

Сынақ емтиханы барысында түлектердің теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдылары тексеріліп, пәндер бойынша дайындық деңгейі бағаланды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі