Темір: Ауыл имамдары облыстың Бас имамымен кездесті 5790

Темір: Ауыл имамдары облыстың Бас имамымен кездесті

21 желтоқсан 2025 117 Оқу 1 минут

Темір ауданының Бас иамы Зарлық Ералиннің ұйымдастыруыменен Ақтөбе қаласындағы “Шабыт” бизнес орталығында ауыл имамдары облыстың Бас имамы Амантай Садиевпен кездесті. 

Кездесу барысында ауданның бас имамы 2025 жылы жасалған жұмыстар бойынша баяндама жасады.

Ал облыстың Бас имамы ауыл имамдарына өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Имамдық қызметтік жауапкершілігі, сауабы жайында насихат айтты. Сонымен қатар әлеуметтік желіде белсенді болуға, мүфтият жаңалықтарын белсенді бөлісуге шақырды. Одан өзге білім алудың, имамдардың өз-өзін дамытуы керектігі туралы да тоқталды.

Кездесу қорытындысында ауыл имамдары алғысхат, сертификаттармен марапатталды. Ал ауданның 3 кәсіпкеріне алғысхат берілді. Шараның айтулы оқиғасы, Саркөл ауылының ардагер имамына 2 000 000 теңгенің сертификаты табысталды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі