Діни бірлестік басшыларының жиыны өтті 6575

Діни бірлестік басшыларының жиыны өтті

22 шілде 2026 44 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласында діни бірлестік басшыларының жиыны өтіп, оған облыстың бас имамы Амантай Садиев қатысып, қоғамдық тыныштықты сақтаудың маңыздылығын, қоғамға зиян тигізбеу, кез-келген діни бірлестік заң аясында қызмет етуі туралы баяндама жасады.

Жиында облыстық дін істері басқармасының басшысы Дәурен Ерланұлы күн тәртібінде мәселелерге тоқталды.

Сонымен қатар спикерлер «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген негізгі өзгерістер туралы түсіндірді. Жаңа Конституция және дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары да айтты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі