4 Зул-Қағда
АҚТӨБЕ: КӘСІПКЕР ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЗЕКЕТ БЕРДІ 4363

АҚТӨБЕ: КӘСІПКЕР ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЗЕКЕТ БЕРДІ

24 наурыз 2025 134 Оқу 1 минут

Ақтөбеде өткен ауызашар кешінде ақтөбелік кәсіпкер Қанат Жұмабайұлы өңірдің шалғай ауылдарындағы дін қызметкерлеріне 10 млн. теңге көлемінде зекетін табыстады.

ҚМДБ Төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне қолдау білдірген кәсіпкер, Мәртөк ауданының азаматы Қанат Жұмабайұлына ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады.

Айта кетейік, аталған қаражат Ақтөбе өңірінің алыс аудан-ауылдарындағы имамдарға беріліп, аймақтағы дін саласының дамуына жұмсалады.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі