Ихсан ілімі – рухани кемелдену жолы 872

Ихсан ілімі – рухани кемелдену жолы

23 қыркүйек 2021 155 Оқу 1 минут

 Бүгін Хромтау ауданында РАНТ мүшесі, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, «Muslim.kz» ақпараттық, рухани-ағарту порталының (орыс бөлімі) редакторы Мақсатбек Қайырғалиев мен Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадманның қатысуымен «Ихсан ілімі – рухани кемелдену жолы» тақырыбында іс-шара өтті.

Шара барысында ұстаз Мақсатбек Қайырғалиев «Нұр» мешітінің жамағатына адам өміріндегі ихсанның маңыздылығы туралы айтылды.

Одан өзге наиб имам Мұхаммедисмаил Шадман Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жарық көрген «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының мазмұнына тоқталып өтті.

Іс-шара соңын рухани кемелденуге апарар қайнар көз – ихсан ілімі деп түйінделді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің қызметі