ТАЛАБА ШӘКІРТТЕРІНЕ 1 МЛН. ТЕҢГЕ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛЫП, АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ
Ақтөбеде өткен ауызашар кешінде Түркия мен Мысыр елдеріндегі «Талаба» студенттер қауымдастығы шәкірттеріне 1 млн. теңге сертификат табысталып, ауызашар берілді.
Аталған сертификатты қауымдастық өкілдеріне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы табыстады. Аталған қаражатқа Мысырдағы әл-Азһар университеті және басқа да оқу орындарында оқып жатқан 230 шәкіртке, сондай-ақ Түркиядағы оқу ошақтарында білім алып жатқан студенттерге ауызашар берілді.
Шетелдегі шәкірттер Діни басқарма мен ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram