PhD доктор әйел жамағатына семинар өткізді 2755

PhD доктор әйел жамағатына семинар өткізді

07 маусым 2023 222 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы әйеллер орталығында әйелдерге арналған семинар өтті. «Отбасы ғылымхалы» атты тақырып аясында «Нұр-Мүбарак» ЕИМУ ұстазы, PhD доктор,профессор Шәмшат Әділбаева уағыз-насихат жүргізіп, әйел адамның дініміздегі орны мен отбасылық өмірдегі маңызын түсіндіріп: «Әйел адамның қоғамдағы абыройы біз ойлағаннан да әлдеқайда жоғары. Өйткені нәзік жандылар бір ғана ұрпақ тәрбиелеу арқылы қоғамның түзелуіне, дамуына оразан үлес қоспақ. Мұндай жауапкершілігі жоғары істі тек қана әйелдер қауымы ғана атқара алады» - деп атап өтті. Аталған басқосу соңында қатысушылар тарапынан сауалдар қойылды, спикер тарапынан тұшымды жауаптар берілді.

Айта кетейік, шараға 50-қа жуық әйел азаматтар қатысты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі