ЖАНТ мүшесі ауыл-аймаққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді 2688

ЖАНТ мүшесі ауыл-аймаққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді

17 мамыр 2023 295 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданының Бас имамы Ерік Сұлтанов Көктау және Аққұдық ауылдарына іс-сапарға шықты. Сапар барысында ауыл тұрғындарымен кездесіп, дін мәселесі төңірегінде жергілікті халықты мазалап жүрген сауалдарын тыңдап, тиісті жауаптар берді. Мектеп оқушыларымен кездесіп, қазақи құндылықтарымызды, дін мен дәстүрдің сабақтастығын баяндады. Тура жолдан адастыратын теріс ағымдардан сақтанудың алғышарттарын көрсетті.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі