Ғибрат: Қызғаныш – бүліктің бастауы 789

Ғибрат: Қызғаныш – бүліктің бастауы

31 тамыз 2021 94 Оқу 1 минут

 ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінде тамыз айынан бастап әр жұма күні Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлының мұрындық болуымен «Ғибрат» жобасы жүзеге асты. 

Жобаның мақсаты – оқырман мен көрерменнің руханиятын байыту мақсататында ғибратты сұхбат ұсыну арқылы көңіл көкжиегіне сәуле шашу. Аталған жоба аясында онлайн және офлайн форматта сұхбат өткізіліп келеді. 

Алғашқы жобаның қонағы исламтанушы, теолог, РАНТ мүшесі, «Балаби қари» Құран жаттау орталығының директоры Арман Қуанышбаев болып, «Әлеуметтік желі әдебі» тақырыбында сұхбат өтті. 

Сондай-ақ екінші сұхбат ҚР мәдениет қайраткері Жарылқасын Дәулетпен «Адамгершілік – асыл қасиет» тақырыбында өрбіді. Одан өзге үшінші сұхбат исламтанушы, РАНТ мүшесі Ғазиз Ахметпен «Қызғаныш – бүліктің бастауы» тақырыбында жалғасын тапты. 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі