Ақтөбе: «Имани жаз» сауат ашу курсының ІІІ кезеңінде 70 шәкірт оқыды 1950

Ақтөбе: «Имани жаз» сауат ашу курсының ІІІ кезеңінде 70 шәкірт оқыды

23 шілде 2022 125 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасымен, облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы бастаған имамдардың ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Имани жаз – 2022» жазғы сауат ашу курсының ІІІ кезеңін 15 күн ішінде мектеп жасындағы 30 ұл, 40 қыз бала тәмамдады. 

Салтанатты шарада облыстың «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов сөз сөйлеп, шәкірттерге сертификат табыстады.

Нұрбол Смағұлов «Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті жылдағы дәстүрге сай, жаздағы балалардың уақытын тиімді өткізу мақсатында «Имани жаз» атты сауат ашу курсын ұйымдастырып келеді.

Алғашқы кезеңде 83 шәкірт (40 ұл, 43 қыз бала) ілім алса, ІІ кезеңде 79 шәкірт (40 ұл, 39 қыз), ал бүгін қортынды ІІІ кезеңде 70 шәкіртіміздің (40 ұл, 30 қыз) курсты тәмамдағанына көзайымбыз. Яғни 45 күнде облыстық «Нұр Ғасыр» мешітімізде «Имани жаз – 2022» сауат ашу курсымыздан 234 шәкірт (120 ер бала, 112 қыз) тәлім алды деген сөз», -дей келе діни сауат ашудың маңыздылығына тоқталып, өнегелі ұрпақ тәрбиелеп өсірген ата-аналарға алғыс айтты.

Шәкірттерге ұстаздар «Мұғалім сәни», «Құран», «Ислам әдебі», «Пайғамбарлар қиссасы», «Алланың 99 есімі», «Күнделікті дұғалар» атты дәріс өтті. Сонымен қатар шәкірттердің таным көкжиегін байыту мақсатында табиғат аясында серуендер ұйымдастырылды.

Сонымен қатар ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл
Кошкарованың ұйымдастыруымен ІІІ лекті бітіруші қыз балаларға арнап «Құран – менің асыл тәжім» атты шара ұйымдастырылып, Құранға түскен 18 қызға тәж кигізілді.

Еске салсақ, 45 күннің ішінде жазғы сауат ашу курсы барысында 92 шәкірт (55 ер бала, 37 қыз бала) Құранға түсті

Аталған шара барысында сектор жееткшісі Құран оқудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар түрлі викториналық ойындар өтіп, қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Игі шара шәкіртерге арналған мерекелік дастарханмен жалғасын тапты.

Шара қортындысында ата-аналар ұстаздарға мен жазғы сауат ашу курсын ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.



Ақтөбе облыстық орталық 

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі