РАНТ мүшесі Атырау облысында арнайы іс сапармен барды 3151

РАНТ мүшесі Атырау облысында арнайы іс сапармен барды

21 желтоқсан 2023 3042 Оқу 1 минут

РАНТ мүшесі, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы Атырау облысына арнайы үш күндік іс-сапармен барды. 

Арнайы сапардың негізгі мақсаты – аудан көлеміндегі мешіт жамағаты мен аудан тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру және ізгі қоғам қалыптастыру.

Іс-сапардың алғашқы күні «Иманғали» орталық мешітінде басталып, «Азан» радиосында «Туыстардың татулығы» тақырыбында, «Мұнара» студиясында «Үйлену де құлшылық» атауымен видео-насихат түсіріліміне қатысты.

Аталған мешітте құптан намазының алдында көпшілікке уағыз-насихат айтты.

Жылыой ауданында жалғасқан іс-сапардың келесі күнінде Жылыой аудандық мешітінде «Ашу – дұшпан, ақыл – дос» тақырыбы бойынша жұма уағызын өткізіп, ашудың зардаптары мен тигізер зияны туралы атап өтті.

Одан өзге Нұрлыбек Шакизадаұлы құптан намазының уақытында жамағатпен жүздесіп, маңызды сауалдарға жауап берді.

Сапардың соңғы күнінде Береке ауылындағы медресе шәкірттерімен кездесіп, «Білім алдуың маңыздылығы» туралы түсіндіріп, табандылық пен оқып-ізденудегі асқан жауапкершілік жайында да кеңінен тоқталып өтті.

Айта кетсек, РАНТ мүшесі аталған ақпараттық түсіндіру сапарында жалпы саны 2500-ге жуық адам қамтылды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі