ҚАЛАЛЫҚ МЕШІТТЕР ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА САҚАДАЙ-САЙ 218

ҚАЛАЛЫҚ МЕШІТТЕР ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА САҚАДАЙ-САЙ

09 қазан 2020 70 Оқу 1 минут

Кеше Ақтөбе қалалық Орталық мешітінің Бас имамы Н.Күзенбаев қалалық мешіттерді аралап, күзгі маусымдағы жағдайымен танысты.

Ақтөбе шаһарының Бас имамы «Әс-Сәлам», «Бақытжан», «Досжан Хазірет», «Қабақ Баба», «Нұрдәулет», «Сүлеймен Ата» мешіттерінде болып, техникалық жабдықтарының алдағы жылыту маусымына дайындығын тексерді. Күнілгері өз деңгейінде жүргізілген жұмыс нәтижесінде, жылу қазандықтары уақытында іске қосылды. Сөйтіп, қазан айының алғашқы онкүндігінде қалалық мешіттер жылыту маусымын ойдағыдай бастады.

Сонымен қатар Нұрлыбек Шәкизадаұлы карантин жағдайындағы қатаң талапты сақтап, мешіттердің тазалығына ерекше мән беруді тапсырды. Жамағаттың қауіпсіздігі үшін намазда арақашықтықты сақтаудың маңыздылығын еске салды.

Сондай-ақ, ғибадат үйлерінің қазіргі тыныс-тіршілігіне қатысты бірқатар мәселелер пысықталып, имамдарға діни жұмыс бағытында тиісті тапсырмалар берілді.

Ақтөбе қалалық
Орталық мешітінің
Баспасөз қызметі