Ақтөбе: «Діни оңалтудың заманауи әдістері» тақырыбында семинар өтті 875

Ақтөбе: «Діни оңалтудың заманауи әдістері» тақырыбында семинар өтті

24 қыркүйек 2021 139 Оқу 1 минут

Бүгін ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінде Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Діни оңалтудың заманауи әдістері» тақырыбында Ақтөбе қаласының имамдары мен түзету мекемесінің теологтарына арналған семинар өтті. 

Аталған семинарды РАНТ мүшесі, республикалық "Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, "Muslim.kz" ақпараттық, рухани-ағарту порталының (орыс бөлімі) редакторы Мақсатбек Қайырғалиев дәріс оқыды.

Сондай-ақ спикер теологтарға жазасын өтеушілермен жұмыс жасау барысында психологиялық көмек көрсетудің қағидаларын атап, қоғамға бейімдеу барысындағы адамдармен араласу тетігіне тоқталды.

Одан өзге семинар қортындысында РАНТ мүшесі имамдар мен теологтарға білімі мен біліктілігін арттыруға арналған семинарға қатысқандықтары туралы сертификат табыстады.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

 "Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі