РАНТ мүшесі  БАҚ өкілдерімен кездесті 873

РАНТ мүшесі БАҚ өкілдерімен кездесті

24 қыркүйек 2021 112 Оқу 1 минут

Бүгін «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері арасында РАНТ мүшесі, республикалық "Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, "Muslim.kz" ақпараттық, рухани-ағарту порталының (орыс бөлімі) редакторы Мақсатбек Қайырғалиевпен кездесу өтіп, оған Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз хатшысы, журналист Ақтолқын Тажикова қатысты.

Кездесу барысы еркін форматта "БАҚ-та діни ақпарат жариялаудың кейбір ерекшеліктері" тақырыбында өрбіді.

Шараның модераторы «Аңсар» АТО басшысы Нұрсұлтан Жаншин бас қосудың маңыздылығына тоқталып, дін саласындағы мемлекеттік саясатты өз деңгейінде жүргізу ісінде БАҚ –тың айрықша орын алатынын атап өтті.

Сондай-ақ төртінші билік өкілдерімен өткен кездесуде спикер РАНТ мүшесі қоғамдағы экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатерлері, діни ақпараттарды ұсынуда негізгі факторларға басымдық берді.

Еске салсақ, Ақтөбе облысының Дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев өңірде орыс тілді азаматтармен жұмыс жүргізетін мамандардың тапшылығын негізге алып, Мақсатбек Қайырғалиевті арнайы тәжірбие алмасуға шақырғанын айтты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі