«Бақытжанда» «Қош келдің, Мәуліт айы!»  атты шара ұйымдастырылды 4839

«Бақытжанда» «Қош келдің, Мәуліт айы!» атты шара ұйымдастырылды

19 қыркүйек 2025 101 Оқу 1 минут

Ардақты елші пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) дүниеге есігін ашқан мүбәрак Мәуліт айының құрметіне орай «Бақытжан» мешітінде «Қош келдің, Мәуліт айы!» атты тақырыпта шара ұйымдастырылды. 

Мешіттің бас имамы Ержан Мизамовтың ұйытқы болуымен өткен шарада Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірінен өнегелер насихатталып, жалпы халыққа дәріптелді.

Рухани отырысқа арнайы қонақ болған Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әли «Мәуліт айын тойлаудың маңыздылығы» жөнінде уағыз-насихат айтып, бұл айдың құндылығын түсіндіріп өтті. Сондай-ақ «Біләл» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Такеев «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) әдептері» жайлы айтып, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі қари Құлмағанбетұлы «Мәуліт» жырын оқыды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі