Жаназа және жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру жиыны өтті 5914

Жаназа және жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру жиыны өтті

10 ақпан 2026 60 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы өкілдігінде Ақтөбе қаласы имамдары мен  молдаларына арналған ҚМДБ «QAMQOR-SHARAPAT»  орталығының “Жаназа және жерлеу рәсмдері” атты семинар жиыны өтті. Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев және Қамқор Шарапат орталығының облыстағы жауапты өкілі “Жаназа және жерлеуге” қатысты орталықтың жұмысының маңыздылығына тоқталып, бірқатар тапсырмалар бердді. 

Жалпы жиынның мақсаты діни жоралғыларды атқаруда бірізділікті қалыптастыру, шариғат талаптарына сай рәсімдеу және халықтың діни сауатын арттыруға бағытталды.

Бас имам Дін қызметкерлеріне ҚМДБ бекіткен «Зират жəне зиярат мəдениеті» құжатын басшылыққа алып, сол құжаттың айналасында жұмыс істеуге шақырды. 

Қамқор-шарапат орталығы марқұмды жуудан бастап, шариғат талаптары бойынша жаназа өткізу, қабірді қазу, жерлеу, ас беру, зират басына белгі тас қою т.б жерлеу рәсімдерінің толық кешенін атқарады.

Бас имам дін қызметкерлеріне орталықтың жұмысын қонақасы, жетісі, қырқы секілді құдай астарда, намаздар мен діни жиындарда халыққа кеңінен жеткізіп, жұмыс жасау үшін арнайы тапсырмалар берілді.