Мұғалжар: «Қадірәлі ата» мешітіне ұстаз тағайындалды 877

Мұғалжар: «Қадірәлі ата» мешітіне ұстаз тағайындалды

25 қыркүйек 2021 157 Оқу 1 минут

Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласындағы «Қадірәлі ата» мешітіне ұстаз болып Ақылбек Елубаев тағайындалды.

Ол – бұған дейін Шалқар ауданы, Шалқар қаласындағы «Жанаман ахун Сейтімұлы» мешітінің ұстаздық қызметін атқарған тәжірибелі дін қызметкері.
Жаңадан тағайындалған ұстазды жұма намазға жиналған жамағатқа «Қадірәлі ата» мешітінің имамы Дархан Оксикбаев таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі