Ақтөбе: Бас имамдар сұхбат берді
Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев пен Ақтөбе қаласының Бас имамы Алмат Әли «Aqtobe» телеарнасындағы «Дін және дәстүр» бағдарламасында қонақ болды.
Облыстың Бас имамы бағдарлама барысында ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі атқарылған жұмыстар туралы толық тоқталды. Ал қаланың Бас имамы көрші ақысы және ҚМДБ Халал Даму мекемесі туралы айтты.
Тілші тарапынан қойылған әр сауалға Амантай Садиев пен Алмат Әли сүбелі жауап берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі










































