«Дін мен дәстүр»: Үстел теннисінен жарыс өтті 4863

«Дін мен дәстүр»: Үстел теннисінен жарыс өтті

22 қыркүйек 2025 69 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр» бағыты аясында жамағат арасындағы бірлікті арттыру және ынтымақтастықты нығайту мақсатында үстел теннисінен жарыс өтті. 

Тартысты дода Шалқар қаласындағы қайырымдылық мекемесінде өтіп, қатысушылар жарыста өзара бақ сынады.

Жеңімпаздар:

1 орын – Сағдат Кенжебаев (20 000 теңге)

2 орын – Нұрым Бекболат (15 000 теңге)

3 орын – Қайрат Жұмасейіт (10 000 теңге)

4 орын – Абдулқадыр Жұмахан (5 000 теңге)

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға Bolek киім дүкеніне ақшалай сертификаттар мен дипломдар табыс етті. Ұйымдастырушылар қатысушыларға алғыстарын білдіріп, осындай шаралардың алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі