#Рамазан2026: Викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылды 6082

#Рамазан2026: Викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылды

16 наурыз 2026 40 Оқу 1 минут

 Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Қарғалы аудандық «Ас-Самиғ» мешітінің ұйымдастыруымен ауызашарға жиналған жамағаттың рухани әрі діни білімін шыңдау мақсатында арнайы викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылды. 

Игі шара барысында жамағатқа Құран, Ислам әдебі және дінге қатысты тағылымды сұрақтар қойылып, дұрыс әрі нақты жауап берген жамағат мүшелеріне арнайы сыйлықтар тартылды.

Бұл білімді арттыру сайысы ауызашардың берекесін арттырып қана қоймай, жамағаттың білімге деген ынтасын оятып, рухани орта қалыптастырған тағылымды басқосуға айналды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі