Қандыағашта  бата жарысы ұйымдастырылды 2565

Қандыағашта бата жарысы ұйымдастырылды

20 наурыз 2023 138 Оқу 1 минут

Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласындағы «Қадырәлі ата» мешітінің ұйымдастыруымен ақсақалдар арасында бата жарысы өтті.

Аталған додада Мұғалжар ауданына арнайы іс-сапармен барған Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Азат Ерланұлы төрағалық етті.
Сайысқа 6 ақсақал қатысты. Оның ішінде І орынды 94 жасқа келген Жанесов Ұлықпан (20 000 тг), ІІ орынды Наренбаев Таир (15 000 мың тг) берілді, ІІІ орынды Молдағазыұлы Ерғабыл (10 000 мың тг) иеленді. Басқада қатысушыларға алғыс хаттар мен «Ораза қатысты 150 сұрак» кітабы табысталды.

Одан өзге мешіт жанында орналасқан «Дәстүр» үйінде ауданның белгілі кәсіпкері Кадыралин Бакытжан аксакалдарга арнайы дастархан жайды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі