Бегімбетте «Рамазан сыйы» қайырымдылық шарасы өтті 6058

Бегімбетте «Рамазан сыйы» қайырымдылық шарасы өтті

12 наурыз 2026 24 Оқу 1 минут

Бүгін Шалқар ауданы, Бегімбет мешітінің имамы Нұрдәулет Әуезовтың ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық шарасы өтті. Аталған шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы және көмекке мұқтаж бес отбасыға арнайы азық-түлік қоржындары таратылды.

Қайырымдылық шарасының негізгі мақсаты – Рамазан айында мұқтаж жандарға қолдау көрсету, қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты арттыру, мұсылмандарды сауапты істерге шақыру. Мешіт ұжымы мен жомарт жандардың демеушілігімен ұйымдастырылған бұл игі бастама отбасыларға қуаныш сыйлап, Рамазанның берекесін сезінуге мүмкіндік берді.

Шара барысында мешіт имамы жиналған жамағатқа Рамазан айының қадір-қасиеті, садақа мен қайырымдылықтың маңызы туралы қысқаша насихат айтып, мұқтаж жандарға қол ұшын созу – Ислам дінінің асыл құндылықтарының бірі екенін атап өтті.

Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп жоспарлануда.