Ақтөбе: «Қари болғым келеді» атты рухани кеш ұйымдастырылды 2680

Ақтөбе: «Қари болғым келеді» атты рухани кеш ұйымдастырылды

09 мамыр 2023 322 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен, облыстық мешіттің ұстазы Айнұр Мырзабаеваның жетекшілігімен «Қари болғым келеді» атты тәж кигізу рәсімі өтті. Бұл шара «1 айда Құранға түс» атты курстың үлкен жемісі. Шара «Фатиха» сүресін оқумен басталды. Ал Ақтөбе облысы өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстаздары Айнұр Мырзабаева,Анар Койшыгулова салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеп, Құран туралы насихат айтты.

Айтулы шарада шәкірттер ұстазға деген алғыстарын айтып, «Пайғамбардың суретін сал» атты көрініс қойды. Пайғамбарамызы с.а.с арнап салауат,жыр айтылды. Сонымен қатар күй шертіліп кеш мәнді де мағыналы өтті.

Айта кетсек, 30 шәкірт Құранға түсіп, тәж кию бақытына ие болды.

Ерекше атап өте кететін жәйт шәкірттер арасында Айдана Төртқара шәкіртіміз толық 1 пара жаттап ерекше тәж киді.Құранның маңыздылығы насихатталған шараға 50адам қатысты.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі