Шалқар: Жамағат арасында үстел теннисінен жарыс өтті 6803

Шалқар: Жамағат арасында үстел теннисінен жарыс өтті

18 қараша 2026 82 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Жастар ісі» секторының «Спорт» бағыты аясында Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында мешіт жамағаты арасында үстел теннисінен турнир ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, бос уақытты тиімді ұйымдастыру және жамағат арасындағы ынтымақ пен бауырластықты нығайту.

Жарыстың ашылуында Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков пен Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің имамы Жамбыл Тлеубай сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Дін қызметкерлері ойын ережелері мен шарттарын түсіндіріп, сайыс барысына төрелік етті. Барлығы 10 ойыншы бақ сынаған тартысты бәсекеде әр қатысушы өзінің ептілігі мен шеберлігін жоғары деңгейде көрсете білді.

Тартысты өткен турнир қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Бекболат Нұрым иеленіп, 15 000 теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. ІІ орынға Диас Ұзақбай (10 000 теңге) тұрақтаса, ІІІ орынды Абдуррахман Берікұлы (5 000 теңге) қанжығасына байлады. Сонымен қатар жарыста ерекше белсенділік танытқан өзге де қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.

ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі