ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУ ОРТАЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ 430

ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУ ОРТАЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

23 желтоқсан 2020 21 Оқу 1 минут

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында ҚР Үкіметі анықтаған сәйкестікті бағалау аясындағы аккредиттеу жөніндегі жалғыз ұлттық орган Ұлттық аккредиттеу орталығының жауапты қызметкерлерімен кездесу өтіп, «Халал» өнімдерін сертификаттаумен айналысатын мекемелерді аккредиттеуге қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

Аталмыш кездесуге Бас мүфтидің кеңесшісі Балтабай Уәжитұлы, ҚМДБ аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, ҰАО директорының орынбасары Ернар Асқарұлы, департамент директоры Алмат Орынғалиұлы және «Халал Даму» ЖШС директоры Айбек Асқарбекұлы, жауапты  мамандар қатысты.

Кездесуде алдымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жол картасы» бағдарламасында көрсетілген отандық ауылшаруашылық өнімдерін Парсы шығанағы елдеріне «HALAL» таңбасымен экспорттауды іске асыру мақсатында, осы саладағы бірден бір өкілетті орган ретінде  «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау ұйымын халықаралық ESMA-дан (Біріккен Араб Әмірліктерінің метрология және стандарттау басқармасы) аккредиттеуден өткізу мәселесі жан-жақты талқыланды.

Биыл аккредиттеу жұмыстарын жүйелендіру мақсатында «Халал Даму» ЖШС бірқатар шараларды жүзеге асырып, халықаралық ESMA ұйымының талаптарына сәйкестендіру бойынша жұмыстар жасағанын айта кеткен жөн.

Кездесу соңында күн тәртібіне ұсынылған мәселелердің маңыздығын мойындай келіп, ҰАО мен «Халал Даму» ЖШС алдағы жылға жоспарланған ESMA-дан аккредиттеуден өтумен байланысты шараларды және оған қажетті құжаттарды ретке келтіруді, сондай-ақ «халал» индустриясын одан әрі дамыту, сапасын арттыру жұмыстарын әріптестік деңгейде келісе, бірлесе отырып атқаруға уағдаласты.