Шалқар: Әйел жамағаты арасында алғаш рет «Үздік ана – 2023» шарасы өтті 2679

Шалқар: Әйел жамағаты арасында алғаш рет «Үздік ана – 2023» шарасы өтті

09 мамыр 2023 260 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай, психолог маманы Құралай Құрбанова, Жанаман ахун Сейтімұлы мешітінің ұстазы Бақытнұр Нұрмағамбетованың ұйымдастыруымен аналар арасында сайыс өтті.

Қатысушыларға сәттілік тілеп басталған кеш 5 кезеңнен тұрды.

1. Мен қазақтың қызымын (өзін-өзі таныстыру)

2. «Халық сүйген - салтын сүйер» (салт-дәстүрге байланысты сұрақтар)

3. Өнерліге өріс кең (өз өнері)

4. Ас – адамның арқауы (ас мәзірі)

5. Қыздарға әсемдік жарасады (сән үлгісі)


Жарыс нәтижесі бойынша «Үздік ана - 2023» номинациясымен бас жүлдені иеленген - Әсел Жақсылықова атанды. 1 орынды - Өмірхан Жанерке, 2 орынды - Тұрсын Әсел, 3 орынды - Жұмағалиев Нұргүл иеленді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі