Ақтөбе қаласының жаңа Бас имамы тағайындалды
Бүгін, қасиетті жұма күні ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ақтөбе қаласының бас имамы болып Алмат Әли тағайындалды.
Ақтөбе қалалық орталық мешітінде жұма намазына жиналған жамағатқа Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Бас мүфтидің бұйрығын оқып беріп, жаңадан тағайындалған имамды таныстырып, алдағы уақытта атқарар қызметіне сәттілік тіледі.
Сонымен қатар осы уақытқа дейін Ақтөбе қаласының Бас имамы қызметін атқарған Нұрлыбек Шакиазадаұлына ризашылығын білдірді.
Алмат Әли — бұған дейін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы қызметін атқарған, дін салында 23 жылдық тәжірибесі бар дін қызметкері.
Алмат Амангелдіұлы — Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Есет Көтібарұлы селолық округі, Байқадам ауылында дүниеге келген.
Білімі
1998-2002 жылдар аралығында Шымкент қаласында орналасқан «Өтес-Баты» Ислам институтында оқып, «Имам-хатиб» мамандығын бітірген.
2003 жылы Алматы қаласындағы ҚМДБ жанындағы «Республикалық Имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында», 2011 жылы Түркия мемлекетінің Бурса қаласында, 2014 жылы РСФ-ның Мәскеу қаласындағы «Мәскеу ислам институтында» білімін жетілідірген.
2015-2018 жылдар аралығында «Ақтөбе медресе-колледжінде» оқып, «Имам-хатиб» мамандығын, 2024 жылы Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің тарих мамандығын бітірген.
Қызмет жолы
2002-2003 жылдар аралығында Ақтөбе облысы Шалқар ауданы «Жанаман Ахун» атындағы аудандық орталық мешіттің бас имамы;
2003-2007 жылдар аралығында Ақтөбе облысы Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы;
2007 жылдың қаңтарынан Ақтөбе облыстық орталық мешітінің наиб имамы;
2007 жылдың маусымынан бастап 2020 жылдың тамызына дейін Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы;
2020 жылдың тамызынан бастап Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы және ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі, 2024 жылдан бері ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінінің облыс бойынша өкілі қызметін атқарып келеді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі