Ойылда Мәуліт кеші ұйымдастырылды 2207

Ойылда Мәуліт кеші ұйымдастырылды

26 қазан 2022 196 Оқу 1 минут

Ойыл аудандық мешітінде наиб имам Сұлтанбек Қанатбайұлының ұйымдастыруымен мәуліт кеші өтті.

Игі басқосуға Темір ауданының наиб имамы Жанболат Айдынғалиев арнайы қонақ ретінде қатысып, жамағатқа Мәуліт айының қадір қасиеті туралы насихат айтты. 

Сонымен қатар ұлық айдың құрметіне орай жамағат арасында "Пайғамбар (с.ғ.с.) өмірі жайлы не білеміз?" тақырыбында сұрақ-жауап айдары өтіп, белсенді қатысып, жауап берген азаматтарға аудандық мешіттің наиб имамы "Адамзаттың асыл тәжі" кітабын табыстады.

Шара қортындысында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, игі дәстүр жалғасын тапса деген ұсыныстарын білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық  

"Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі