Шалқар: Қажылық тақырыбында дәрістер өтті 2375

Шалқар: Қажылық тақырыбында дәрістер өтті

28 қаңтар 2023 124 Оқу 1 минут

Шалқар ауданындағы әйел ұстаздардың ұйымдастыруымен «Ұмра және қажылық», «Мекке және Медина қаласына саяхат» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. 

Аталған шара барысында аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай және қалалық «Жанаман ахун Сейтімұлы» мешітінің ұстазы Бақытнұр Нұрмағамбетова қайырымдылық мекемесінде аталған тақырыптар аясында дәріс өтті.

Дәріс аясында шәкірттер «Әйел адамға Ұмраға махрамсыз баруға бола ма?», «Ұмра тауабы мен қажылықтың айырмашылығы қандай?» т.б сұрақтар қойып, ұстаздардан тұшымды жауаптар алды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі