Ақтөбе қаласының мешіттерінде кітап бұрышы ашылды
Мақсат-мешітке келген жамағаттың білім көкжиегін кеңейтіп, үнемі рухани баю жолында үздіксіз кітаппен байланыста болуға шақыру. Сондай-ақ, құлшылық ордасы тек ғибадат мекені ғана емес ілім алатын орынның бірі екендігін әрдайым назарда ұстау. Қойылған кітап сөресінің ішінде өзіміздің төл тарихымыз бен әдебиетіміздің қайналары «Абай жолы» секілді туындылармен қатар, Шәкәрім, Ыбырай,Міржақып секілді ұлы тұлғаларымыздың еңбектері қойылған. Одан өзге дініміз негізі тірегі ғибадат, хадис, сенім, сахабалар өміріне қатысты бірнеше кітаптар бар. Мешітке бас сұққан кез-келген адам қалаған әдебиетпен танысып, оқырмандарға арналған арнайы жайлы орындарда отырып оқи алады. Алдағы уақытта кітап қорлары одан әрі кеңейіп, оқулықтар саны артатынын және айта кетейік.