«Жастар ісі» секторының өкілі студенттермен кездесті 4277

«Жастар ісі» секторының өкілі студенттермен кездесті

06 наурыз 2025 233 Оқу 1 минут

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жылдық жоспарына сай, ҚМДБ «Жастар ісі секторының» Ақтөбе облысы бойынша өкілі, «Досжан Хазірет» мешітінің ұстазы Аслан Қорған Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде қонақ болып, студенттермен кездесті. 

«Рамазан хикметтері» тақырыбында арналған кездесуде Аслан Дәуірханұлы дін мен дәстүрдің сабақтастығын тереңірек түсіндірді. «Босағаға таянба» ырымы негізінде Пайғамбарымыз (ﷺ)- ның «Адамдар жүретін жолда кедергі болып тұрмандар, жолдын ақысы бар» деген хадистің негізінде алынғандығы туралы баяндады.

Тағлымы мол шарада «Жастар ісі» секторының өкілі жастарды жат ағымнан сақтануға шақырды. Арабша терминдермен сөйлемей, қазақша атаулармен атауды үндеді.

Одан өзге ұстаз қасиетті Рамазан айының сауабы туралы да айтып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.

Айта кетсек, кездесуге елу адам қатысты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі