Ұстаз әскери полиция қызметкерлерімен кездесті
Таяуда ҚР ҚМ Ақтөбе гарнизонының әскери полициясы бөлімінде маңызды кездесу болып өтті.
Осынау тәрбиелік маңызы зор іс-шараның негізгі алдына қойған мақсаты - әскери қызметкерлердің бойында патриоттық сезімдерді барынша қалыптастырып, Ислам дінінің өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру.
Тағылымы мол жиынға арнайы шақырылған Ақтөбе қалалық «Бақытжан» мешітінің ұстазы Еламан Бейімбетұлы қатысып «Дін мен Дәстүр» тақырыбында әңгіме өрбітті.
Соңында әскери қызметшілер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.