РАНТ мүшесі Темір ауданына барды 4309

РАНТ мүшесі Темір ауданына барды

11 наурыз 2025 164 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Уағыз-насихат» бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес Ақтөбе облысына арнайы іс-сапармен РАНТ мүшесі Дастан Желеуов келді.

Шымкент қаласындағы «Сейітжан қари» мешітінің наиб имамы, Әл-Азһар университетінің түлегі Дастан Сүлейұлы Темір ауданында 4- күндік іс- сапарда болып, аудандық және ауылдық мешіттерде жамағатпен кездесті.

Жамағатқа «Ислам дінінің қайнар бұлағы Құран және сүннетті дұрыс ұстанудың маңыздылығы», «Қоғамда мұсылман адамның рөлі» тақырыптарында мешіттерде уағыз айтты.

РАНТ мұшесі аудан имамдарымен кездесіп, «Имамның қоғамдағы орны» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Одан бөлек мемлекеттік қызметкерлер, спорт саласының мамандарымен кездесіп жат ағымнан сақтану жолдарын түсіндірді. РАНТ мүшесі Дастан Сүлейұлының ауданға сапары барысындағы кездесулерде 1000 нан астам адам қамтылды


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі