Имамдар діндер арасында теннис жарысынан алғашқы орындар алды
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, облыстық дін істері басқармасының бастамасы бойынша «Жарық» ҚБ ұйымдастыруымен діни бірлестіктер өкілдерінің арасында «Ping-Pong» атты үстел теннисінен спорттық іс-шара өткізілді.
Аталған шараларға Ақтөбе имамдары, православ, кришна, евангелдік христиан баптисттері қатысып белсенділік көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды «Әс-сәләм» мешітінің имамы әрі «Әс-Сәләм» медресесінің директоры Айдар Сұлтамұратов жеңіп алды. 3 орынды «Бақытжан» мешітінің ұстазы Еламан Кәрім алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.