ЖШС «Рокос Ко» шұжық өндіру цехында кезекті аудит жұмыстары жүргізілді 4962

ЖШС «Рокос Ко» шұжық өндіру цехында кезекті аудит жұмыстары жүргізілді

25 қазан 2025 106 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласында орналасқан ЖШС «Рокос Ко» шұжық өндіру цехында кезекті аудит жұмыстары жүргізілді.

Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» ұйымының технологтары Гүлмира Маратқызы мен Ақмаржан Ержанқызы орындады.

Тексеру барысында өндіріс орнындағы санитарлық-гигиеналық жағдай, жабдықтардың тазалығы, шикізат пен қосалқы ингредиенттердің шығу тегі, сондай-ақ дайын өнімнің сақталуы мен қапталу талаптары мұқият зерделенді.

Тексеру нәтижесінде кәсіпорынның халал стандарттарының негізгі талаптарына толықтай сай жұмыс істеп отырғаны расталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі