Ақтөбе қаласында 2 кәсіпорынға халал куәлігі табысталды 6685

Ақтөбе қаласында 2 кәсіпорынға халал куәлігі табысталды

25 қыркүйек 2026 10 Оқу 1 минут

Бүгін, жұма күні, Ақтөбе қаласындағы «Kartop» қытырлақ фрилер дәмханасы және «Manzil Halal Food» дәмханасы, «Ас ауқат» дайын өнімдері «Халал» куәлігіне ие болды, сонымен қатар «Батыс Фуд» қатпарлы қамыр өндірісі куәлікті қайта жаңартты.

Кәсіпорындарда тиісті талаптардың сақталуына байланысты тексеріс жұмыстарын Ақмаржан Ержанқызы жүргізді.

Тексеріс нәтижесінде кәсіпорындардың халал талаптарына сәйкестігі расталып, «Халал» куәліктерін Садиев Амантай табыстады.