Облыстың Бас имамы шырақшылардың білімін жетілдіру мәселесін көтерді 2789

Облыстың Бас имамы шырақшылардың білімін жетілдіру мәселесін көтерді

17 маусым 2023 302 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының әкімдігі өңірдегі тарихи-мәдени мұра объектілері, оның ішінде қасиетті жерлердегі шырақшылардың қызметіне байланысты дөңгелек үстел өткізіп, оған облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы қатысты.

Аталған жиынға шырақшыларға қойылатын міндеттер мен талаптар жөнінде ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы шырақшылардың Құран оқу кезіндегі әдебі, дұрыс оқылуы жөнінде айта келе, білімін жетілдіру мәселесіне жіті тоқталып, «Зират және зиярат мәдениеті» туралы баяндама жасады..

Ал Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Үмбетхан Сәрсембин «Қазақ даласындағы киелі орындар және халықтың діни танымы» тақырыбы аясында айтты.

Одан өзге жиында біршама туындаған мәселелер анықталып, шырақшылардың діни білімдерін жетілдіру, шырақшыларды тағайындау немесе сайлау, «шырақшы» мәселесін заңды реттеу мүмкіндіктері ұсынылды. Алдағы уақытта шырақшылардың жұмыстарын бірізділікке келтіру мақсатында, ЖОО оқытушылары мен тарихшылары және облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітімен бірлесе отырып арнайы семинар тренинг өткізу жоспарланды. Аталған семинарға ҚМДБ филиалдарының өкілдерін қатыстыру жоспарлануда.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі