«Ислам және отбасы құндылығы» тақырыбында кездесу өтті 6686

«Ислам және отбасы құндылығы» тақырыбында кездесу өтті

25 қыркүйек 2026 9 Оқу 1 минут

Ойыл аудандық орталық кітапханада «Ислам және отбасы құндылығы» тақырыбында жиын өтті.

Іс-шараның мақсаты – ислам дініндегі отбасы құндылықтарының маңызын түсіндіру, отбасындағы өзара сыйластық пен жауапкершілікті нығайту, ата-анаға құрмет пен бала тәрбиесіне қатысты діни ұстанымдарды насихаттау.

Жиынға ауданның бас имамы Бақжарық Қызыр қатысып, отбасының исламдағы орны, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық, ата-анаға құрмет және ұрпақ тәрбиесі жөнінде насихат айтты.

Кездесу барысында отбасы татулығын сақтау, шаңырақтың берекесін арттыру және ұлттық-діни құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіру мәселелері сөз болды.