Ақтөбе: Қаланың Бас имамы «Ар Рахим» мешітінде жұма уағызын жүргізді
Ақтөбе қаласының Бас имамы Алмат Әли «Ар Рахим» мешітінде жұма уағызын айтты.
«Жан рахаты – Алланы еске алудан тұрады» тақырыбын мұсылман баласының жүрек тыныштығы мен рухани кемелдігі Алланы жиі еске алумен, ізгі амалдармен және тақуалықпен байланысты екенін атап өтті.
Уағыз барысында Алланың зікірін көбейтудің, жүректі иманмен тәрбиелеудің маңыздылығы айтылып, жамағатқа өмірдің әрбір сәтінде Жаратушыны естен шығармай, көркем мінез бен жақсы амалдарға ұмтылу керектігіне тоқталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі




































