Хромтауда «Жамағат барысы» анықталды 4864

Хромтауда «Жамағат барысы» анықталды

22 қыркүйек 2025 89 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр» бағыты аясында Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде ерлер арасында қазақша күрестен «Жамағат барысы» атты сайыс өтті. 

Ауданның 90 жылдық мерейтойы аясында өткен додаға «Болашақ жолы» ҚБ қаржылай қолдау танытты.

Ұлттық спорт дәріптелген игі шарада палуандар бірнеше салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады. Атап айтқанда, 66-75 кг салмақ дәрежесінде жүлделі үшінші орынды иеленген Әділжан Мұқашев болса, ақтық сында сүрінген Азамат Қадыржанов жүлделі екінші орынды иеленді. Ал бас жүлде Дарын Сейілханға бұйырды.

Ал 75-85 кг яғни орта салмақ дәрежесі бойынша бірқатар палуан бақтарын сынап көрді. Бұл салмақта қола жүлдені Мейірхан Дүйсенбин, күміс жүлдені Рустам Сәндібеков, бас жүлдені Мирас Сәтмағанбетов алды.

Сонымен қатар түйе палуан белдесулерінде қола жүлде Марал Иманғалиға, күміс жүлде Әбілсейіт Аяпбергенов және бас жүлде Айбек Боранбаев атанды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кәделі сыйлар табысталды. Жарыс ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта жалғасын табады.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі