Ауыл тұрғындарына «Qamqor-Sharapat» орталығының жұмысы түсіндірілді 6354

Ауыл тұрғындарына «Qamqor-Sharapat» орталығының жұмысы түсіндірілді

18 мамыр 2026 18 Оқу 1 минут

Ойыл ауданындағы Берсиев ауылында «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының қызметі бойынша ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Іс-шараға Ойыл аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Бақтыгереев, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында Ойыл ауданының бас имамы Бақжарық Қызыр ҚМДБ- ға қарасты «Qamqor-Sharapat» орталығының негізгі мақсат-міндеттері мен бағыттарын айтты. Сонымен қатар, жаназа және жерлеу рәсімдерін шариғат талаптарына сай ысырапсыз әрі жүйелі түрде ұйымдастыру мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Одан өзге құдайы астарды халыққа ауыртпалық түсірмей, шариғат пен салт-дәстүрге сай, қолжетімді деңгейде өткізу мәселелері талқыланды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі