Жамағат арасында өткен Құран Хатым қорытындыланды 3352

Жамағат арасында өткен Құран Хатым қорытындыланды

12 сәуір 2024 1304 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде Ораза айт мерекесі аталып өтілді. Жамағат болып жиылып айт намазы оқылып, кейін мерекенің маңызы мен қадір-қасиеті  туралы мешіттің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы уағыз-насихат айтып, ақсақал аталарымыз ел аман,жұрт тыныштығы үшін бата қылды. Сондай-ақ, Рамазан айы бойы жамағат арасында ұйымдастырылған  Құран хатым ету жарысы қортындыланды. Шараның басты мақсаты- Құран түскен мүбәрак айда Алланың кәламын көбірек оқуға көпшілікті ынталандыру. Отыз күн бойы жалғасқан сайыс нәтижесі бойынша 8 мәрте хатым түсірген қатысушымыз бас жүлде умра қажылығын Серік Серғалиұлы жеңіп алса, ІІ орын (300 мың ) Еркін Нұрланов және ІІІ орын (200мың) иесі Еркін Рауан қаржылай марапатталды.Одан өзге 20 қатысушыға ынталандыру сыйлықтары табысталды.

«Аталған сайыс елімізде тұңғыш рет өткізіліп отырғандығын айта кеткен жөн. Алдағы уақытта Рамазан сайын жүйелі түрде іске асырылып, ұйымдастырып отыру жоспарда бар,»- деген бас имам қолдау білдіріп, демеушілік көрсеткен барша  жанашыр азаматтарға ерекше алғысын білдіріп өтті.