20 Зул-Хиджа
Ақтөбе: Көшелерде Рамазан баннерлері ілінді 4350

Ақтөбе: Көшелерде Рамазан баннерлері ілінді

19 наурыз 2025 354 Оқу 1 минут

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Рамазан айындағы жоспарына сай қоғамдық орындарға, көшелерге «Ораза қабыл болсын!», «Рамазан айы құтты болсын!» деген атаумен баннерлер, плакаттар ілінді. 

«Рамазан анықтамалығындағы тапсырмаларға сәйкес, Ақтөбе өңіріндегі барлық мешіттерінде«Рамазан – нұр шашқан ай» айдарымен мешіттер безендірілді.

Одан өзге мешіт, дәретхана тазалықтарына жіті көңіл бөлу жұмыстары, мешіт ішіндегі дыбыс күшейткіштерді, микрофондарды қадағалап, кем-кетіктерін реттеу және мешіттерде болып жатқан өрт оқиғаларына байланысты еліміздегі барлық құлшылық орындарындағы электр желілерінің, жылыту жүйелерінің, өрт сөндіру құралдарының жағдайын мұқият тексеру жұмыстары жасалынды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі