Ақтөбеде «Білімді мыңды жығады» атты білім сайысы өтті 6719

Ақтөбеде «Білімді мыңды жығады» атты білім сайысы өтті

12 қазан 2026 22 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде қала бас имамы Алмат Әлидің бастамасымен, мешіттің наиб имамы Ерәли Құлмағанбеттің ұйымдастыруымен тарихи қалалық орталық мешітте жамағат арасында «Білімді мыңды жығады» атты білім сайысы өтті.

Сайысқа қала мешіттерінің жамағаттары қатысып, әр мешіттен үш үміткерден өзара бақ сынады. Қатысушылар діни білімдерін ортаға салып, түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы білім деңгейлерін көрсетті.

Білім сайысының қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен үш қатысушы қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жамағаттың діни сауаттылығын арттыру, білімге деген қызығушылығын ояту, мешіттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту және мұсылмандарды діни білімді жүйелі түрде меңгеруге ынталандыру.